Қазақстанда темір өндірісі құлдырады

0
817

2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің индексі 101,4 пайызды құрады.


Қазақстанда темір өндірісі құлдырады

ERNUR.KZ. Тау-кен өнеркәсібінде металл кенін өндіру биылғы 11 айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға ғана өскен, деп жазады ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында металл кенін өндіру индексі 100,2% құрады.

Қаңтар-қараша кезеңінде түсті металл кендерін өндіру 5,9%-ға өсті, ал темір рудасын өндіру 20,2%-ға төмендеді.

Еске салайық, 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің индексі 101,4 пайызды құрады.