Қазақстанда түнгі клубтардың ашылуына рұқсат беріледі

0
554

Шешім Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілгеннен кейін күшіне енеді.


Қазақстанда түнгі клубтардың ашылуына рұқсат беріледі

ERNUR.KZ. Қазақстанда түнгі клубтар Ashyq жүйесінде "жасыл" мәртебесі бар келушілер үшін жұмыс істейтін болады, деп жазады Stan.kz.

Шешім коронавирустық инфекцияның таралмауы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.

Сонымен қатар, әрбір санитарлық-эпидемиологиялық аймақ бойынша олар түнгі клубтардың болуына шектеулер қоймақ:

- "жасыл" аймақта - 100 адамнан аспауы тиіс;

- "сары" аймақта - 70 адамнан аспауы тиіс;

- "қызыл" аймақта - 50 адамнан аспауы тиіс.

Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатысушыларға жеңілдіктер қарастырылып жатыр.

"Енді Ashyq жобасының қатысушылары сағат 3.00-ге дейін, ал көшбасшы - жасыл аймақта 5.00 -ге дейін және сары аймақта сәйкесінше 1.00 және 3.00 -ге дейін жұмыс жасай алады. Біз бас санитарлық дәрігерлердің қаулыларына өзгеріс енгізуін күтеміз", - деді" Атамекен" басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Шешім Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілгеннен кейін күшіне енеді.