Қазақстанда түрмеде жазасын өтеушілер әжетхана тазалауға міндетті ме – Комитет төрағасы жауап берді

0
5 009

Оның басқа таңдауы жоқ. Бізде іштегі тәртіптің ережелері бар.


Қазақстанда түрмеде жазасын өтеушілер әжетхана тазалауға міндетті ме – Комитет төрағасы жауап берді

ERNUR.KZ. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов Атбасар түрмесіндегі қызметкерлердің сотталушыдан әжетхана тазалауды талап етуі қаншалықты заңды екенін айтты, деп жазады Stan.kz

"Бізде Қылмыстық атқару кодексінде №121-ші бап бар. Әр сотталушы апта сайын екі сағат өзі қамауда отырған аумақты абаттандыру бойынша ақысыз жұмыс істеуге міндетті. Бұл тек санитарлық торапты жуу ғана емес, тазалық және бояу жұмыстарын да қамтиды. Аптасына екі сағат – кез келген режимдегі мекемеде әр сотталушының міндеті. Ол талаптарды орындамау – режимді қасақана бұзу. Оның жазасы Қылмыстық-атқару кодексінде көрсетілген – тәртіптік изоляторға жіберу", - деді Жанат Ешмағамбетов,

Сондай-ақ ол сотталушының бұл талапқа бағынбауға хақы жоқ екенін еске салды.

" Сол жерде қандай жұмыстар істеуге міндетті екені айтылған. Олардың тиісті кестесі бар. Сол кестедегі жұмысты істеуге міндетті", - деді комитет басшысы.

Айта кетейік, журналист Вадим Курамшин Facebook желісінде Атбасар қаласындағы қатаң режимдегі түрмеде түсірілген азаптау видеосын жариялаған болатын. Видеода колония қызметкері тұтқынмен әңгімелесіп, оның дәретхана тазалаудан не үшін бас тартқанын анықтап сұраған. Сотталушы дәретханадан басқа барлық үй-жайды жууға дайынмын деп жауап берген. Содан кейін формадағы офицерлер тұтқынды құлатып, офицерлердің бірі оны дубинкамен ұрып-соққан.