Қазақстанда уақыт белдеуі өзгеруі мүмкін

0
477

Қазіргі таңда Қазақстан аумағында уақыт екі әкімшілік уақыт белдеуінде есептеледі.


Қазақстанда уақыт белдеуі өзгеруі мүмкін

ERNUR.KZ. Желіде Қазақстанда уақыт белдеуі өзгеруі мүмкін деген ақпарат тараған еді. Онда бірнеше өңірде уақытты бір сағатқа өзгерту жоспарланғаны айтылған, деп жазады stan.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі ұсынылып отырған сағат белдеуіне қатысты пікір білдірді.

"Бірыңғай уақыт белдеуін белгілеу, оған байланысты Қазақстанның батыс облыстары, атап айтқанда: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары 2023 жылғы 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні (сағат 00:00-де) бір сағат бұрын астаналық уақытқа ауыстырылады", - делінген ақпаратта.

Экология министрлігі қазіргі уақытта Қазақстанда уақытты есептеудің бірыңғай тәртібін орнату мәселесі зерттеліп жатқанын растады.

"Экология және табиғи ресурстар министрлігі сауда және интеграция министрлігімен, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдармен бірлесіп, ел аумағында уақытты есептеудің бірыңғай тәртібін белгілеу мәселесін пысықтауда. Депутаттардың, орталық мемлекеттік органдардың, қоғам және ғылыми ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Бұл мәселе бойынша шешім қабылданған жоқ. Шешім мәселені егжей-тегжейлі зерделеп, қоғаммен кеңінен талқылаудан кейін қабылданады.

Қазіргі таңда Қазақстан аумағында уақыт екі әкімшілік уақыт белдеуінде есептеледі: 4-ші (БҚО, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) және 5-ші (Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан және басқа облыстар)", - деді министрлік.