Қазақстанда украиналық миллионер Вадим Машуровқа іздеу жарияланды

0
946

Вадим Машуров – кәсіби инвестор, қаржы нарығы сарапшысы, крипто биржалары мен криптовалюталар саласындағы жобаларды әзірлеуші, Instime.World компаниясының негізін қалаушы, Украинадағы ең жас және табысты долларлық миллионерлердің бірі.


Қазақстанда украиналық миллионер Вадим Машуровқа іздеу жарияланды

ERNUR.KZ. Қазақстанда 26 жастағы украиналық миллионер Вадим Машуровқа іздеу жарияланды, деп жазады stan.kz.

Алматы қаласы экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, іздеу жариялау бойынша іс 2023 жылдың 28 желтоқсанында тіркелген. Іздеу жұмыстарын бастауды қаржы мониторингі агенттігі сұраған.

Агенттік порталындағы ақпаратқа сәйкес, Вадим Машуров – Sincere немесе S-Group қаржы пирамидасының негізін қалаушылардың және бенефициарларының бірі. Сондай-ақ Украинаның құқық қорғау органдары да Машуровқа бопсалау, көлік ұрлау және адам ұрлау баптары бойынша іздеу жариялаған.

Вадим Машуров – кәсіби инвестор, қаржы нарығы сарапшысы, крипто биржалары мен криптовалюталар саласындағы жобаларды әзірлеуші, Instime.World компаниясының негізін қалаушы, Украинадағы ең жас және табысты долларлық миллионерлердің бірі.

Айта кетейік, аталған Sincere Systems ( немесе S-group, SS-group) қаржы мониторингі агенттігі жариялаған қаржы пирамидаларының тізімінен табуға болады.