Қазақстанда Ұлттық баспа күні пайда болады

0
502

Қаулы жобасы 3 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтына жарияланған.


Қазақстанда Ұлттық баспа күні пайда болады

ERNUR.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстандағы мерекелер тізіміне өзгерістер мен толықтырулар әзірледі, деп жазады zakon.kz.

Сонымен Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізімінде келесі тармақ пайда болады:

Ұлттық баспа күні - 2 ақпан.

Сол тармаққа сай, Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаеваның өкіміне байланысты жаңа мереке күні енгізілді.

Құжаттың түсіндірме жазбасында Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан және Қырғызстан сияқты елдерде ұлттық басылымның алғашқы шыққан күні жаңа мерекенің бастауы болғаны айтылған.

"Бұқаралық ақпарат құралдарының бастауында тұрған "Қазақ" газетінің алғашқы санының шыққан күнін тарихи маңызды датаға айналдыру маңызды", - деп есептейді министрлік.

Қаулы жобасы 3 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтына жарияланған.