Қазақстанда ұсақ заң бұзушылықтар үшін қоғамдық жұмыстар жазасы қолданылауы мүмкін

0
385

Елімізде кішігірім әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылуы мүмкін.


Қазақстанда ұсақ заң бұзушылықтар үшін қоғамдық жұмыстар жазасы қолданылауы мүмкін

ERNUR.KZ. Бұл туралы әділет министрлігінің Ашық НҚА порталында жариялаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер енгізу тұжырымдамасында айтылады, деп жазады Stan.kz.

"Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мәжбүрлі еңбекті қолдану мүмкіндігін енгізу қарастырылған. Бүгінде мәжбүрлі еңбек, яғни қоғамдық жұмыстар қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жаза ретінде қолданылады. Алайда халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ұсақ әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін де қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылуы мүмкін. Осыған байланысты ӘҚБтК-нің санкцияларын қайта қарау жұмыстарын жүргізу қажет", – делінген жоба тұжырымдамасында.

Заң жобасының тұжырымдамасын қоғамдық талқылау 2022 жылдың 3 маусымына дейін жалғасады.