Қазақстанда ұзақ уақыт ішінде алғаш рет коронавирустан адам өлімі тіркелді

0
555

Жалпы елімізде пандемия басталғалы бері 1 395 047 адам коронавирус жұқтырды, 13 693 адам індеттен көз жұмды.


Қазақстанда ұзақ уақыт ішінде алғаш рет коронавирустан адам өлімі тіркелді

ERNUR.KZ. Өткен тәулікте республика бойынша коронавирус жұқтырған бір адам қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.

Айта кетері, Сovid-19-дан адам өлімі ұзақ уақыт ішінде алғаш рет тіркеліп отыр.
Сондай-ақ өткен тәулікте 47 қазақстандықтың коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті.
Жалпы елімізде пандемия басталғалы бері 1 395 047 адам коронавирус жұқтырды, 13 693 адам індеттен көз жұмды.
8 қарашадағы мәлімет бойынша, 693 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 82 пациент стационарда, 611 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
8 науқастың жағдайы ауыр,
2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.