Қазақстанда WhatsApp дұрыс істемей тұр

0
1 254

Мессенджер жұмысының ақаулығы Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Жезқазған, Павлодар және басқа қалаларда байқалуда.


Қазақстанда WhatsApp дұрыс істемей тұр

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірқатар қалаларында WhatsApp мессенджері дұрыс жұмыс істемей, проблема туғызып отыр, деп жазады Zakon.kz.

Біреулер медиафайлдарды не қабылдай алмай, не жөнелте алмай қиналғанына шағым айтса, енді біреулер WhatsApp компьютерден ашылмай тұр дейді.

Downdetector сайтының дерегінше, мессенджердің істен шығуы Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Жезқазған, Павлодар және басқа да қалаларда байқалуда.

Алайда downdetector сайтындағы комменттерге қарағанда, WhatsApp тек Қазақстанда ғана "қуып" тұрған жоқ. Таңнан бері шағымдар Америка, Ұлыбритания, Румыния, Мальтадан келуде. Жұрт негізінен Whatsapp Web жұмысына шағымдануда.