Қазақстанда еңбек биржасының біріңғай электронды базасы іске қосылады

0
1 249

Парламент Мәжілісі Палаталарының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.


Қазақстанда еңбек биржасының біріңғай электронды базасы іске қосылады

Парламент Мәжілісі Палаталарының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кә­сіпкерлік қызметті реттеуді жетіл­діру мәселелері бойынша өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заң жобасы мен «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда ма­құлданды.

Бұл екі заң жобасы бойынша негізгі баяндамалар­ды сәйкесінше Мәжілістің Эко­но­микалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сәкен Өтебаев пен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Мұсырман Кәрібай жасады.

«Заң жобасы барлық бос жұмыс орындары қамтылған мемлекеттік біріңғай электронды еңбек биржасын жасауды көздейді. Ол ел аумағындағы барлық жұмыс беруші мен іздеуші туралы толық ақпаратты қамтитын сайт болады. Мұндай интернет-ресурсты жасау жұмыс берушіге де, жұмысқа тұрғысы келетіндерге де қолайлы болмақ», -деді Мұсырман Кәрібай.

Мәжілісменнің пікірінше, жұмыспен қамту орталықтарының мәртебесін мемлекеттік мекемеге өзгерту ондағы қызметкерлер жалақысының өсуіне және жұмыс сапасының артуына ықпал етеді.