Қазақстанда зейнеткерлер саны рекордтық көрсеткішке жетті

0
3 497

Елімізде 2,3 миллион зейнеткер бар.


Қазақстанда зейнеткерлер саны рекордтық көрсеткішке жетті

ERNUR.KZ. Адам ресурстарын дамыту орталығының мәліметінше, биыл тамыз айында елімізде 2,3 млн зейнеткер бар. Айта кетейік, бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Қазақстанда зейнеткерлік жастағы халықтың біртіндеп өсуі байқалады. Бұл туралы Ranking.kz мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

Бүгінгі таңда республикада үш деңгейлі зейнетақы жүйесі бар.

Бірінші деңгей:

Зейнеткерлік жасқа толған барлық азаматтарға тағайындалатын мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі. 2005 жылы егде жастағы тұрғындардың табысын қамтамасыз ету құралдарының бірі ретінде енгізілген.

Мемлекеттік бюджеттен төленетін ынтымақты зейнетақы.

Екінші деңгей (міндетті) — қызметкерлердің жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен БЖЗҚ-дан (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) зейнетақы төлемдері.

Үшінші деңгей (ерікті) — ерікті зейнетақы жарналары азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін жеке жауапкершілікке шақырады.

Ең маңызды нәрсе — жинақтау. Қарапайым сөзбен айтқанда, адам неғұрлым көп жинаса, қартайғанда алатын зейнетақысы соғұрлым көп болады.

Жинақ көлемі көп жағдайда салымшының кірісіне негізделген жарналардың жүйелілігі мен көлеміне байланысты.