​Қазақстанда жалдамалы баспана жыл басынан бері 5,9% қымбаттаған

0
433


​Қазақстанда жалдамалы баспана жыл басынан бері 5,9% қымбаттаған

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2018 жылдың қарашасында жаңа пәтердің 1 шаршы метрі орташа 265 710 теңге болды. Бұл өткен аймен салыстырғанда 0,1%, 2017 жылдың желтоқсанына қарағанда 2,2% қымбат, деп жазады ҚазАқпарат.

Қайта сатудағы әрленген пәтердің орташа құны қараша айында 1 шаршы метрге 185 642 теңге (қазан айындағыдан 0,4%, өткен жылдың желтоқсанынан бері 1,7% өскен), әрленбеген пәтер 114 260 теңге (сәйкесінше 0 және +2,2%) болды.

Қазақстанда жалға берілетін әрленген баспананың 1 шаршы метрінің орташа құны өткен айда 1383 теңгені (+1,2% және +5,9%) құрады.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет