Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

0
783

Атаулы мерекені тойлау үшін 10 тамыз ұсынылып отыр.


Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанда Абай күні атап өтілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады baq.kz.

Атаулы мерекені тойлау үшін ұлы ойшылдың туған күні 10 тамыз ұсынылып отыр.

Жалпы, Абайдың туған күніне қатысты да екіұшты болжам бар. Хакім дүниеге келген күн ретінде екі дата – 10 тамыз бен 23 тамыз аталады. Былтыр елордада өткен дөңгелек үстелде зиялы қауым өкілдері, белгілі қаламгерлер мен ғалымдар Абайдың туған күні турасында түрлі деректерді келтірді. Көпшілік 23 тамыз болуы керек деген тоқтамға келген болатын.

Егер, мемлекет Абай күнін атап өткізгісі келсе, осы жағын анықтап алғандары да дұрыс болар.

Биыл елімізде ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады. Осыған байланысты Қазақстанда және әлемде жыл бойына ауқымды мерекелік өткізіліп тұрады. Ақынның мерейтойын тойлауға республика бюджетінен 2,36 миллиард теңге (5,3 миллион доллар) бөлінді.