Қазақстанда жаңа телеарна ашылды

0
753

​Діни басқарманың төл телеарнасы мен радиосын ашу 2020-2025 стратегиялық даму бағдарламасында жазылған.


Қазақстанда жаңа телеарна ашылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда республикалық рухани-ағартушылық бағыттағы MUNARA TV телеарнасы ашылды, деп жазады sputnik.kz.

OTAU TV ұлттық жерсеріктік телевизия желісінде 49-шы болып тіркелген телеарна Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы базасында құрылды, деп хабарлады ҚМДБ-ның ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі.

"Енді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының телевизия саласындағы ақпараттық-насихат жұмыстары осы MUNARA TV телеарнасы арқылы таратылады. MUNARA TV халықтың діни сауатын арттыруды, жас көрермен бойына имандылық, адамгершілік, патриотизм сынды құндылықтарды қалыптастыруды көздейді", - делінген діни басқарма таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ телеарна онлайн дәріс ұйымдастыруды, өзекті мәселелер төңірегінде тікелей эфирде жауап беруді жоспарлап отыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының MUNARA республикалық рухани-танымдық газеті бар. Келешекте MUNARA FM радиосын ашу жоспарланған.

Діни басқарманың төл телеарнасы мен радиосын ашу 2020-2025 стратегиялық даму бағдарламасында жазылған.

2020 жылдың қарашасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Асыл арнаның" жабылып, "Халық арна" телеарнасының ашылғанын мәлімдеді.