Қазақстанда жаңа туған балаларға ID-код беріледі

0
580

ID код нәресте дүниеге келе салған сәтте, перзентханада беріледі.


Қазақстанда жаңа туған балаларға ID-код беріледі

ERNUR.KZ. Бұдан былай елімізде жаңа туған балаға бірінші ID-код, одан кейін жеке сәйкестендіру нөмірі берілмек. Бұл – балалар саудасының алдын алу мақсатында жасалған қадам, деп жазады stan.kz.

ID код нәресте дүниеге келе салған сәтте, перзентханада беріледі. Себебі қолданыстағы халықты есепке алу жүйесі әр баланың өмірін толық қадағалауға, оны қорғауға мүмкіндік бермейді.

Айта кету керек, бұған дейін депутаттар премьер-министр Әлихан Смайыловқа бала саудасын қалай тоқтатамыз деген сауал жолдаған болатын. Халық қалаулыларының депуттатық сауалынан кейін әр балаға ID код бекіту мәселесі қарастырыла бастады.