​Қазақстанда жаңа туған нәрестелердің шетінеуі екі есеге азайған

0
1 050

Бұл туралы Педриатрия және балалар хирургиясы мәлімдеді.


​Қазақстанда жаңа туған нәрестелердің шетінеуі екі есеге азайған

ERNUR.KZ. Соңғы 10 жылда елімізде жаңа туған сәбилердің шетінеуі 2 есеге азайған. Бұл туралы Педриатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығында өткен осы саланың соңғы 10 жылдағы қорытындысына арналған брифингте айтылды, деп жазады 24.kz.

Нақтырақ айтқанда, нәрестенің туа біткен даму ақауын жатыр ішінен анықтап қана қоймай, сонымен қатар жүкті әйелдерді емдеуге мүмкіндік беретін перинатальдық диагностикалау жетілдірілуде. Сондай-ақ республикада балалар кардиохирургиялық қызметі дамып, медицина жетістіктері арқасында онкологиялық ауруға шалдыққан балалардың өмір сүру ұзақтығы артып, көпшілігі құлан-таза айығып кеткен. Бұл химиотерапияны таңдамалы қарқындату әдісі арқылы мүмкін болған. Ақхалаттылардың білімін жетілдіру, тәжірибесін шыңдау да жол картасының басым бағыттарының бірі.

Айта кеткен жөн, 2017 жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде педиатрия факультеті қайта ашылды.

Гүлмира Алтынбаева, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ доценті:

- Неонатолог дәрігерлер біздің орталықта тек қана емдеу үрдісімен айналыспай, сондай-ақ республика бойынша жас мамандардың болашақ неонатолог мамандардың қалыптасуында үлкен жұмыс жасалынады. Консультативтік кеңес ретінде бірнеше телемедициналар өткізілуде үнемі. Яғни, республика бойынша орталықтағы неонатологтар білімімен бөлісіп, өздерінің тәжірибесімен үнемі республикамен тығыз қарым-қатынас жасалынады.