Қазақстанда жануарлардың күтімін енді қоғамдық инспекторлар бақылайды

0
583

Бұйрық 2022 жылы 24 шілдеде күшіне енеді.


Қазақстанда жануарлардың күтімін енді қоғамдық инспекторлар бақылайды

ERNUR.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы бұйрығымен Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілді, деп жазады zakon.kz.

Қағидаларға сай жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды осындай қызметті жүзеге асыру көзделген қоғамдық инспекторлар және коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асырады.

Қоғамдық бақылау жануарларды сауықтыру орталықтарында, аулау қызметтерінде, байланыс хайуанаттар бағында, жануарларды паналау орындарында, зоологиялық питомниктер мен қонақүйлерде, жануарларды уақытша ұстау изоляторларында, жылжымалы мал шаруашылығында, цирктерде, хайуанаттар бағында өтеусіз және ерікті негізде жүзеге асырады.

Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде жануарларды жауапкершілікпен қарау саласындағы инспекторларға және коммерциялық емес ұйымдарға жануарларды уақытша ұстау орындарының және оларды емдеуді жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың аумағына және үй-жайларына кіруге рұқсат беріледі.

Қоғамдық инспекторлар тиісті анықтама алады. Ол үшін әкімдікке электронды өтініш беру керек. Өтініште: аты-жөні, мекенжайы, ЖСН, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі.

Өтінішке мына құжаттар қоса беріледі:

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтаманың көшірмесі;
  • электронды форматта 3х4 сантиметр фотосурет;
  • сотталған-сотталмағаны туралы анықтаманың көшірмесі.

Куәлік электронды түрде QR коды және куәлікті берген органның атауы, тіркеу нөмірі, берілген (қайта тіркеу) күні және бір жылға жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер базасында қалыптастырылады.

Бұйрық 2022 жылы 24 шілдеде күшіне енеді.