Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке шақырғандарға жаза күшейтіледі – министр

0
578

Қылмыскерлер үшін мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі алынып тасталады.


Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке шақырғандарға жаза күшейтіледі – министр

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Сенатқа Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстырды, деп жазады ulysmedia.kz.

«Жаппай тәртіпсіздікке шақыру: оның ішінде телекоммуникация желісін пайдалану арқылы шақыру, қылмыстық топ құрамында жасалған бұзақылық, ерекше цинизммен және қылмыстық топтың құрамында жасалған кісі өлтіру мен бандитизм үшін санкциялар қатаңдайды. Мұндай қылмыскерлер үшін мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі алынып тасталады», - деді министр.