Қазақстанда жасы 65-тен асқан адамдардың көшеге шығуы шектелді

0
868

​Қаулыға сәйкес, әуежай, теміржол және автовокзал ғимараттарына жолаушыларды шығарып салушылар мен күтіп алушылардың кіруіне шектеу енгізілді.


Қазақстанда жасы 65-тен асқан адамдардың көшеге шығуы шектелді

ERNUR.KZ. Қазақстанда жасы алпыс бестен асқан адамдардың көшеде жүріп-тұруы шектелді, деп жазады sputniknews.kz.

Бұл туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысында айтылған.

"Жасы 65-тен асқан азаматтардың көшеде жүруі шектелсін. Оларға азық-түлік пен дәрі-дәрмек үйлеріне жеткізілсін", делінген құжатта.

Сонымен қатар, қаулыға сәйкес, әуежай, теміржол және автовокзал ғимараттарына жолаушыларды шығарып салушылар мен күтіп алушылардың кіруіне шектеу енгізілді.

6 сәуірден бастап барлық орта білім беру ұйымы қашықтан оқытуға көшеді.

Еске сала кетсек, бүгін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылатыны хабарланды. Мұндай шешім төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысында қабылданды.