Қазақстанда жеке кәсіпкерлер саны азайды

0
711

Әсіресе, сауда және автомобиль жөндеу саласындағы кәсіпкерлер саны күрт азайған.


Қазақстанда жеке кәсіпкерлер саны азайды

ERNUR.KZ. Қазақстанда жеке кәсіпкерлер саны бір жыл ішінде 1,2% азайды. Қазіргі уақытта 1 миллионнан астам жеке кәсіпкер ғана жұмыс істеп отыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Кәсіпкерлер саны Қазақстанның 9 өңірінде азайды. Әсіресе, Шығыс Қазақстан (-9,2%) және Қостанай (-8,6%) облыстарында жеке кәсіпкерлік айтарлықтай тұралап қалған.

Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер саны бойынша Түркістан облысы (133,2 мың), одан кейін Алматы (120,3 мың) және Алматы облысы (109,7 мың) көш бастап тұр. Басқа өңірлерде олардың саны 23,9 мың мен 89,1 мың аралығында.

Әсіресе, сауда және автомобиль жөндеу саласындағы ЖК саны күрт азайған. Транспорт және қойма саласында жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер саны (−7,5 мың немесе 10,4%) және жылжымайтын мүлікке байланысты операциялар (−6,9 мың немесе 9,4%).

Сонымен бірге, сектордағы айтарлықтай өсім ауыл, орман және балық шаруашылығында (+11,6 мың немесе 5%) және кәсіптік, ғылыми-техникалық қызметте (+4,9 мың немесе 26,7%) байқалады.