Қазақстанда жеке тұлғаларға мүлік салығын төлеу мерзімі өзгерді

0
559

Салықтардың есептелген сомасын kgd.gov.kz сайтындағы "Алдағы төлемдер" сервисінде, E-salyq Azamat мобильді қосымшасында, сондай-ақ, банктердің мобильді қосымшаларында тексеруге болады.


Қазақстанда жеке тұлғаларға мүлік салығын төлеу мерзімі өзгерді

ERNUR.KZ. Қазақстанда жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеу мерзімі кейінге шегерілді, деп жазады tengrinews.kz.

"Жеке мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазандағы демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 2022 жылдың 3 қазанына шегерілді. Салық кодексінің 38-бабының 2-тармағының нормасына сәйкес, егер салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда төлемді төлеу мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады", - делінген хабарламада.

1 қазанға дейін төлей алмаған азаматтар салық сомасын бүгін төлей алады. Пайыздарды есептеу 2022 жылдың 4 қазанында басталады.

Салықтардың есептелген сомасын kgd.gov.kz сайтындағы "Алдағы төлемдер" сервисінде, E-salyq Azamat мобильді қосымшасында, сондай-ақ, банктердің мобильді қосымшаларында тексеруге болады.