Қазақстанда жеңілдетілген автокөлік несиесі бойынша бірыңғай электронды кезек іске қосылады

0
542

Биыл өтініштер әр автосалон мен банкте бөлек қабылданды.


Қазақстанда жеңілдетілген автокөлік несиесі бойынша бірыңғай электронды кезек іске қосылады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Алматы тұрғындарымен кездесуде ведомство басшысына "4%-бен жеңілдетілген автокөлік несиесін рәсімдеу үшін бірыңғай электронды кезек жүйесі іске қосыла ма?" деген сұрақ қойылды.

Айта кететіні, биыл өтініштер әр автосалон мен банкте бөлек қабылданды.

"Мен бұл мәселені қолға аламын. Жеңілдетілген автокөлік несиесін рәсімдеу кезінде, кезекке тұру, кезекте алға жылжу үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар деп естідім. Жеке автосалондарды айтпағанда, мемлекеттік қызметтерде мұндайға жол бермейміз. Келесі жылы қаражаттың ашық тетік бойынша бөлінуін, электронды реттілік бойынша жүзеге асырылуын Индустрия министрлігімен бірге пысықтаймыз. Сонымен қатар біз мұны автокөлік өндірушілерімен бірлесіп жүзеге асырамыз", – деді министр.