Қазақстанда жер учаскесін онлайн рәсімдеуге болады

0
2 315

Мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы смартфон арқылы қолжетімді болады.


Қазақстанда жер учаскесін онлайн рәсімдеуге болады

ERNUR.KZ. Елімізде 100 жаңа ІТ-компания құрылып, 10 мыңнан астам білікті маман дайындалады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп жазады Stan.kz.

"Экономиканы сапалы цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жалғасады. 2021 жылы талшықты-оптика 2 мыңнан астам ауылда пайда болады. Жер учаскесін беру процесі түбегейлі өзгереді. Жер учаскесін онлайн рәсімдеуге болады", - деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы смартфон арқылы қолжетімді болады. 100 пайыз проактивті әлеуметтік төлемге көшу де жоспарланып отыр. 100 жаңа ІТ-компания құрылып, 10 мыңнан астам білікті маман дайындалады.

"Мәліметтерді өңдеу және сақтау саласындағы инвестиция өсімі 72 млрд теңгені құрайтын болады. Инновациялық жобалар 6 млрд теңгеге гранттық қаржыландыру алады", - деді премьер-министр.