Қазақстанда жерасты суларының қоры қанша

0
806

Ерлан Ақбаров жерасты суларын зерттеу қызметі Су ресурстары министрлігіне өтуі мүмкін екенін айтады.


Қазақстанда жерасты суларының қоры қанша

ERNUR.KZ. Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров Қазақстан геологтерінің тұңғыш съезінен кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында елдегі жерасты суының қоры қанша екенін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бізде жерасты суының 43 млрд текше метр қоры тіркелген. Оның бәрі - тұщы су. Бұл қордың 45 пайызы оңтүстік өңірлерде жатыр. Оңтүстік өңірлердің жерасты суымен қамтамасыз етілуі жақсы. Өздеріңіз білесіздер, мынау батыс өңірлерде біраз мәселе бар. Қазір енді жаңадан министрлік құрылды ғой, гидрогеологиялық қызмет құрылады деген жоспар бар. Бұл мәселеге де зор мән беріледі деген сөз», - деді комитет басшысы.

Ерлан Ақбаров жерасты суларын зерттеу қызметі Су ресурстары министрлігіне өтуі мүмкін екенін айтады.

«Әзірге жерасты суын зерттеу, оның қорын қадағалау біздің құзырымызда. Су ресурстары министрлігі гидрогеологиялық қызмет құратын болса, аталған міндеттердің бәрі, яғни біздің бірқатар функциямыз сол ведомствоға өтуі мүмкін», - деді Геология комитетінің төрағасы.