Қазақстанда жиһаз өндірісі 21,5 млрд теңгеге қысқарды

0
1 568

Биыл елде жиһаз бағасы 6% қымбаттады.


Қазақстанда жиһаз өндірісі 21,5 млрд теңгеге қысқарды

ERNUR.KZ. Жиһазға бағаның айтарлықтай өсуі елордада, сондай-ақ Ақтөбе және Атырау облыстарында байқалады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

2020 жылдың қаңтар-шілдесінде қазақстандық компаниялар 21,5 млрд теңгенің жиһазын өндірді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,7%-ға аз. Барлық өнімнің жартысы (50,7%) ақшалай түрде үш облысқа - Алматы қаласына, сондай-ақ Алматы және Павлодар облыстарына тиесілі.

Алматыда 7,5 млрд теңгеге жиһаз өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 9,2% көп. Алматы облысында жиһаз өндірісі 1,8 млрд теңгені, Павлодар облысында 1,5 млрд теңгені құрады.

2019 жылы қазақстандық компаниялар шамамен, 38 млрд теңгеге жиһаз шығарды, оның 20%-ы мемлекеттік органдардың тапсырысына тиесілі.

Биыл мамыр айында елімізде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін кеңсе жиһаздарын сатып алуға үш жылдық мораторий енгізілді. Шешім бюджетті үнемдеу үшін қабылданды. Содан 300-ге жуық жиһаз өндіруші компанияның кірістері автоматты түрде «минусқа» кетті.

Асхана мен қонақ бөлмеге арналған жиһаз өндірісі 24,5%, 28,8 мың данаға, ас үй жиһазы - 18,7%, 46,7 мың данаға, кеңсе жиһазы - 18,6%, 134,6 мыңға дейін төмендеді.

2020 жылдың шілдесінде республикада жиһаз бен кілемдердің бағасы өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 5,7% өсті, оның ішінде диван төсек бағасы 7% , орындықтар 5,6%, кілем 3,2% қымбаттады. Жиһаз бен кілем елордада бірден 15,8%, Ақтөбе облысында 7% , Атырауда - 6,8% өсті.