Қазақстанда ЖСН алу тәртібі өзгереді

0
617

Егер шетелдік ХҚКО-да құжаттардың толық емес пакетін немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынса, оған құжаттарды қабылдаудан бас тартылады және Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қолхат беріледі.


Қазақстанда ЖСН алу тәртібі өзгереді

ERNUR.KZ. Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу тәртібін өзгертуді жоспарлап отыр, деп жазады tengrinews.kz.

ІІМ "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету "Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрықты талқылауға шығарды.

Министрлік бастама жасаған жаңа ережелерге сәйкес шетелдіктер ЖСН-ды электрондық үкімет порталы арқылы ресімдей алмайды. ЖСН рәсімдеу үшін олар келген орны бойынша ХҚКО-ға жеке келіп, өтініш беруі қажет.

Көрсетілетін қызметті алушы қызмет көрсету орталығының қызметкеріне жүгінген кезде ол:

  • көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру;
  • құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру;
  • Халыққа қызмет көрсету орталығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде (ИАЖ) өтінішті толтыру.
"Қазақстан Республикасы сотының үкімі бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктерде, азаматтығы жоқ адамдарда және мәртебесі реттелмеген адамдарда жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған кезде осы қағидаларға қосымшаға сәйкес өтініш мемлекеттік қызметті алу үшін негіз болып табылады", - делінген құжатта.

Егер шетелдік ХҚКО-да құжаттардың толық емес пакетін немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынса, оған құжаттарды қабылдаудан бас тартылады және Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қолхат беріледі.