Қазақстанда жүлде әкелмейтін спорт түрлерін қаржыландыру қысқарады

0
356

Елімізде 180 спорт түрі дамып келеді, олардың барлығына бюджеттен қаржы бөлінген.


Қазақстанда жүлде әкелмейтін спорт түрлерін қаржыландыру қысқарады

ERNUR.KZ. Қазақстанда маңызды емес спорт түрлеріне бөлінетін мемлекеттік қаржыландыру көлемі қысқарады. Бұл жөнінде туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты, деп жазады stan.kz.

Маржықпаевтың айтуынша, елімізде 180 спорт түрі дамып келеді, олардың барлығына бюджеттен қаржы бөлінген. Оның 46-сы ғана Халықаралық Олимпиада комитетімен танылған, оның ішінде Қазақстан спорттың 28 түрінен қатысады. Алайда спортшылар тек 5-8 түрі бойынша ғана жүлде әкеліп жүр.

"Сондықтан бұл жұмысты ұйымдастырып жатырмыз. Біз "Спортқа басымдық беру туралы" заңға өзгерістер енгіземіз. Өркениетті елдерді алатын болсақ, мысалы Ресейде олар дамытатын спорттың 31 түрі бар, Германияда – 15, Голландияда – 20, Өзбекстанда – 17. Бізде 50-ге жуық спорт түрі дамып келеді, оған қоса қаржыландыру қажет ұлттық спорт түрлері де бар. Біз де осындай жолмен жүретін боламыз. Бұл жазғы және қысқы Олимпиада ойындары, Паралимпиада ойындары және Азия бағдарламасына енетін спорт түрлері болады", - деп түсіндірді спикер.

Министрдің айтуынша, бұл мәселе бірден шешілмейді. Әзірге министрлік қай спорт түріне қаржыландыру қысқартылатынын нақтылайтын болады.

Бұған дейін, мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев спорт саласына бөлінетін қаржының тым көп екенін айтып, министрлік бекіткен 180 спорт түрін шұғыл қысқарту керек деп талап қойған болатын.