Қазақстанда жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесі енгізіледі

0
383

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Балаларға арналған ұлттық қор» жаңа ауқымды бастамасын жүзеге асыру 2024 жылдан басталатынын еске салды.


Қазақстанда жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесі енгізіледі

ERNUR.KZ. 26 қазанда Республикалық қоғамдық штабта Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде уақытша жұмыссыз азаматтарды қолдау жүйесі күшейтілетінін мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Президенттің айтуынша, мемлекет жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесін енгізеді.

"Жұмыссыз қалғаны үшін төленетін әлеуметтік жәрдемақы көлемін кірістің 45%-ына дейін ұлғайтамыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Балаларға арналған ұлттық қор» жаңа ауқымды бастамасын жүзеге асыру 2024 жылдан басталатынын еске салды.

"«Қазақстан халқы» қоғамдық қорына жыл сайын «Самұрық-Қазына» қорының таза кірісінің кемінде 7 пайызын аударуды қамтамасыз етеміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл шаралардың барлығы, Президент атап өткендей, «мемлекеттің әділетті әлеуметтік саясатының тікелей көрінісі болады».