Қазақстанда журналистер туралы жаңа заң қабылдануы мүмкін

0
244

Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің құқығын қорғайтын заң қабылдануы мүмкін. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені назарға алуға уәде берді.


Қазақстанда журналистер туралы жаңа заң қабылдануы мүмкін

ERNUR.KZ. Ақордада өткен баспасөз мәслихатында журналистер Қасым-Жомарт Тоқаевтан журналистердің мәртебесі туралы заң қабылдауға мұрындық болуын өтінді, деп жазады ktk.kz.

"Бұл өте өзекті мәселе. Бұл мәселені жақсылап қарауымыз керек. Мен үкіметке тиісті тапсырма беремін. Келешекте, егер қажет болса, журналистердің мәртебесі туралы тиісті заң қабылдаймыз. Не болмаса, мен өзім президент ретінде шешім қабылдаймын", - деді Тоқаев.

Бұған дейін ол жас кезінде өзі де журналист болуды армандағанын айтқан болатын. Айта кетсек, 10 маусымда Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Nur Otan партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинап, жеңіске жетті.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет