Қазақстанда жыл сайын мыңға жуық адам ата-ана құқығынан айырылады

0
730

Ішкі істер органдарының өтінішхаты бойынша медициналық мекемелерге сот 3756 адамды бағыттады.


Қазақстанда жыл сайын мыңға жуық адам ата-ана құқығынан айырылады

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті басқармасының басшысы Жасұлан Байкенов Қазақстанда жыл сайын бір мыңға жуық адам ата-ана құқығынан айырылатынын мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатыныс саласында жасалатын құқықбұзушылыққа қатысты талдау жүргізіліп, алкогольдік ішімдікке салыну зорлық-зомбылықтың негізгі себебі екенін көрсетті», - деді Ж.Байкенов.

Сөзін жалғай отырып, ішкі істер органдарының өтінішхаты бойынша медициналық мекемелерге сот 3756 адамды бағыттағанын айтып өтті.

«Жыл сайын 1 мыңға жуық осындай адам ата-ана құқығынан айырылады, - деді басқарма басшысы.