Қазақстандағы 13 қала ауылға айналады

0
867

Оған себеп - халықтың азаюы.


Қазақстандағы 13 қала ауылға айналады

ERNUR.KZ. Облыстық маңызы бар 13 қазақстандық қала ауылға айналады. Оған себеп - халықтың азаюы, деп жазады zakon.kz.

Бұған дейін қолданыстағы заңнама олардың мәртебесін өзгертуге мүмкіндік бермейтін. Реформа әкімшілік-аумақтық құрылым туралы заңға енгізілген түзетулердің арқасында мүмкін болады. Олар бүгін ел парламентінің сенатында қабылданды.

Депутаттардың пікірінше, өзгерістер бұл елді-мекендердің тұрғындарына болашақта мемлекеттің қосымша қолдауына сенуге мүмкіндік береді. Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері жалақының 25% өседі, коммуналдық төлемдерге байланысты жеңілдіктер алады және арнайы жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік алады.