Қазақстандағы АЭС-ті төрт мемлекет бірігіп салуы мүмкін

0
375

Министрдің айтуынша, АЭС салатын нақты компания бекітілмеді, олар әлі іздестіріліп жатыр.


Қазақстандағы АЭС-ті төрт мемлекет бірігіп салуы мүмкін

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясын салуға қандай технология қолданылатынын айтты, деп жазады exk.kz.

Министрдің айтуынша, АЭС салатын нақты компания бекітілмеді, олар әлі іздестіріліп жатыр. Оны ресейлік, франциялық, қытайлық және оңтүстіккореялық компаниялар бір консорциумға бірігіп алып салуы мүмкін.

"Бізге ең бастысы — қауіпсіздік мәселесі. Консорциум кезінде көшбасшы мемлекет анықталады. АЭС-тің қалыпты жұмыс істеп, қауіпсіз болуына сол компания жауап береді", - деді министр.

Бұған дейін Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан атом электр станциясын салу үшін АҚШ технологиясын қолданбайтынын мәлімдеген еді.