Қазақстандағы арнайы ХҚКО-лар ақауға байланысты жұмысын тоқтатты

0
598

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (ӘПК) жағында техникалық ақау пайда болған.


Қазақстандағы арнайы ХҚКО-лар ақауға байланысты жұмысын тоқтатты

ERNUR.KZ. Қазақстандық арнайы ХҚКО-лар жұмысында техникалық ақау байқалды, қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді ала алмай отырғандарына шағымданды, деп жазады tengrinews.kz.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәліметінше, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (ӘПК) жағында техникалық ақау пайда болған.

"Сіздің назарыңызға ІІМ ӘПК тарапындағы техникалық ақауларға байланысты еліміздің барлық арнайы ХҚКО-сында мемлекеттік қызметтер көрсету тоқтатылғанын жеткіземіз. Мамандар оларды жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді корпорацияның баспасөз қызметі өкілдері.