Қазақстандағы бес жасар қызын көруді армандаған қырғызстандық әйел қайтыс болды

0
647

Оның бес жасар қызы Қордайда тұрады.


Қазақстандағы бес жасар қызын көруді армандаған қырғызстандық әйел қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қырғызстандық ауыр науқас Алина Батурова Жамбыл облысы Қордай ауданында тұратын бес жасар қызымен сол күйі көрісе алмады. Қатерлі ісігі асқынған келіншек 28 қазан күні қайтыс болды. Бұл окнологиялық науқастарға арналған мекеменің директоры Шайыр Сағынбаева хабарлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Еске сала кетейік, қатерлі ісіктің ауыр түрімен ауырған қырғызстандық Алина Батурова қайтыс болғанға дейін қазір Қазақстанда тұратын бес жасар қызын көруді қатты армандаған болатын. Алайда келіншектің қордайлық жолдасы олардың кездесуіне мүмкіндік бермеген.

Қырғызстанның Бас консулдығы Алина Батурованың мәселесін шешу үшін көмек көрсету туралы өтінішпен Қазақстанның СІМ-не ресми нота жіберді. Бірақ ақпараттық порталдың мәліметінше бұл оң нәтиже бермеді.