Қазақстандағы кейбір автожол автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады

0
3 816

Алдағы уақытта 5 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылады


Қазақстандағы кейбір автожол автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі бұйрығына сәйкес, 8 қазаннан бастап II және III техникалық санаттағы жолдарда ақы алу жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу процесі басталды, деп жазады Zakon.kz.

Бұл жол учаскелерінде ақы алу жүйесін енгізу туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтті. Бүгіннен бастап "Павлодар-Семей-Қалбатау" күре жолында ақы алу жүйесі іске қосылды.

Алдағы уақытта 5 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылады, яғни:

  • 2023 жылғы 9 қазанда "Бейнеу-Ақжігіт";
  • 2023 жылғы 10 қазанда "Орал-Самара";
  • 2023 жылғы 14 қазанда "Павлодар-Омбы";
  • 2023 жылғы 16 қазанда "Көкшетау-Петропавл" күре жолдарында жаңа өзгеріс күшіне енеді.

Сонымен қатар "Орал-Саратов" жолында ақы алу жүйесін іске қосу туралы бұйрық келісудің соңғы сатысында тұр. Жеңіл көліктер төлемнен босатылды. Жол ақысын 2-6 санатқа жататын жүк көліктері төлейді.

  • Жеңіл көліктер – 0 тг/шақырым (босатылған);
  • 16 орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейін – 5 тг/шақырым;
  • 32 орындық автобустарға және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк көліктеріне – 10 тг/шақырым;
  • 32-ден астам орындық автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 15 тг/шақырым;
  • жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 20 тг/шақырым;
  • жүк көтерімділігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері – 25тг/шақырым.

Ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем қарастырылған. Жазылымның айлық құны 1-ден 5 АЕК-ке дейін болады. Жылдық абоненттік құны 12-ден 60 АЕК-ке дейін болады.

Абоненттік төлем туралы толығырақ ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.