Қазақстандағы қызылша ауруы: Мерекелік іс шараларды өткізуге шектеу қойылмайды

0
1 243

Бұл ретте қызылша ауруы тіркелген сыныптар мен топтарға ғана мерекелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.


Қазақстандағы қызылша ауруы: Мерекелік іс шараларды өткізуге шектеу қойылмайды

ERNUR.KZ. Қазақстан мектептері мен балабақшаларында жаңа жылдық шаралар өтуде. Оған балалар да, ересектер де белсенді түрде араласуда. Дегенмен, елде қызылша мен Жіті респираторлық вирустық инфекцияның кең таралуына байланысты жағдай тұрақсыз болып отыр. Ал денсаулық сақтау министрлігі мен оқу-ағарту министрлігі бұқаралық іс-шараларға шектеулер мен тыйымдар енгізілмейтінін жеткізді, деп жазады stan.kz.

Бұл ретте қызылша ауруы тіркелген сыныптар мен топтарға ғана мерекелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

"Ешқандай шектеулер болмайды. Жеке жағдайларға байланысты әкімдіктер мен денсаулық сақтау министрлігінің шешімімен ғана тыйым салынуы мүмкін", - деді оқу-ағарту министрлігі.

Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдасқан топта қызылша ауруын тіркеу кезінде эпидемияға қарсы шараларды еске салды:

  • Науқаспен байланыста болған адамдар шеңбері құрылады;
  • Ауру ошағында аурудың соңғы жағдайы анықталған кезден бастап 21 күн ішінде медициналық тексеру жүргізіледі және байланыста болғандарға медициналық бақылау орнатылады;
  • Қызылшаға қарсы иммундау эпидемиялық көрсеткіштер бойынша ауру анықталған кезден бастап 72 сағат ішінде жүргізіледі;
  • Егер олар вакцинациядан бас тартса, байланыста болған адамдар 21 күнге мекемеге бармауы тиіс.

Ведомство вакцинацияның инфекциямен күресудің шешуші, қолжетімді және тиімді әдісі екенін тағы бір мәрте атап өтті.

Желтоқсан айының ортасында Қазақстанда қызылшаның 22 мың жағдайы тіркелсе, оның 17 мыңнан астамы балалар арасында екені хабарланды.