Қазақстандағы мектеп оқушылары жол қозғалысы ережелерін үйренетін болады

0
444

Сондай-ақ мектеп автобустарының балаларды тасымалдауға рұқсаты тексерілетін болады.


Қазақстандағы мектеп оқушылары жол қозғалысы ережелерін үйренетін болады

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мектеп бағдарламасына жол қозғалысы ережелерін оқытуды енгізуді тапсырды, деп жазады zakon.kz.

"Білім министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, жол қозғалысы ережелерін оқуды білім беру бағдарламасына міндетті түрде енгізу, бұл жұмысқа жұмыс істеп тұрған инспекторларды тарту мәселесін қарастырсын", - дейді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.

Жиында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 22 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында жолдарда балалардың жарақат алуын азайтуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу жоспарланып отырғанын қосты. Барлық өңірлерде жол белгілерінің, таңбалардың болуы, бағдаршамдардың жұмысқа жарамдылығы тексерілетін болады. Сондай-ақ мектеп автобустарының балаларды тасымалдауға рұқсаты тексерілетін болады.

"Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, мектептерде өрт, жер сілкінісі, лаңкестік әрекеттер – осы жағдайларда қалай әрекет ету керектігі жөнінде арнайы сабақтар өткіземіз. Сонымен қатар, полиция қызметінің басшылары мектептерде қауіпсіз мінез-құлық негіздері бойынша сабақтарды ұйымдастырады", - дейді Марат Ахметжанов.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің басшысы қазақстандық мектептерде қандай заңбұзушылықтар анықталғанын айтқан болатын.