Қазақстандық 19 спортшы допинг қолданды деп айыпталды

0
1 762

Олардың арасында әлем чемпионы бар.


Қазақстандық 19 спортшы допинг қолданды деп айыпталды

ERNUR.KZ. Ұлттық допингке қарсы орталық 2023 жылы WADA кодексін бұзған қазақстандық спортшылардың тізімін жариялады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Тізімде 14 спортшы бар. Нақтырақ айтқанда: пауэрлифтер Аман Қапышев, джитсер Максат Есмұрат, киберспортшы Дарын Бейбітов, каноисші Дильназ Сұлтанбек, жеңіл атлет Қалжан Мұзахан.

Сондай-ақ тізімде мына ауыр атлеттер бар:

Фаиза Исмаилова (спорттан шеттету уақыты 27.07.2023 -27.07.2026, оксандролон, клостебол), Данил Ворошилов (08.04.2023 – 08.04.2026, кленбутерол), Адилет Нургали (24.05.2023 – 24.05.2026, метандиенон), Багдат Маматкул (04.05.2023 – 04.05.2025, метилгексанамин), Нургамит Давлетхан (26.04.2023 – 26.04.2027, метастерон, оралтуринабол), Анатолий Савельев (25.04.2023 – 25.04.2025, метилгексанамин), Богдан Краснянский (16.05.2023 – 16.05.2027, метастерон), Диана Салыкова (11.05.2023 – 11.05.2025, метилгексанамин), Алина Колиушко (18.05.2023 – 18.05.2026, САРМС S-23), Атабек Нуриддинов (24.05.2023 – 24.05.2026, метилгексанамин, САРМС S-23), Айым Есжанова (24.05.2023 – 24.05.2026, САРМС S-23), Отепберген Алиев (12.06.2023 – 12.06.2026, САРМС Остарин), Анастасия Бетехтина 12.06.2023 – 12.06.2026, САРМС Остарин) и Мария Синицына 12.06.2023 – 12.06.2026, САРМС Остарин).