Қазақстандық актер диснейлік "Мулан" фильмінде бой көрсетті (видео)

0
1 251

Актер әрі каскадер Жайдарбек Күнгүжінов қасқырлар отрядының әскері рөлін сомдаған.


Қазақстандық актер диснейлік

ERNUR.KZ. Қазақстандық каскадерлер диснейлік "Мулан" фильмінде ойнады, деп хабарлайды Stan.kz.

Disney студиясының түсіріп жатқан "Мулан" атты туындысы 2020 жылдың наурыз айының 27-жұлдызында жарыққа шықпақ. Кинодағы рөлдердің бірін қазақстандық Nomad Stunts тобының негізін қалаушы, актер, каскадер Жайдарбек Күнгүжінов сомдаған. Жайдарбек Күнгүжінов қасқырлар отрядының әскері рөлін ойнайды.

"Disney студиясымен бірігіп жұмыс істеу деген арманым орындалды. Оның үстіне актер болып. Жақсы фильм шықты деп үміттенемін", - дейді Жайдарбек Күнгүжінов

"Мулан" фильмінің анонсы 7 шілде күні жарияланды. Туынды 1998 жылғы "Мулан" мультфилімінің дамуы болып табылады. Фильмдегі басты рөлді қытайлық актриса Лю Ифэй сомдады. Сонымен қатар, туындыда белгілі актер, күресу өнерінің шебері Джет Ли де бой көрсетпек.