Қазақстандық азамат Грузияға 28 миллион доллар алып өтпек болды

0
343

Грузияға ұшатын Қазақстан азаматында 60 700 доллар, 10 000 ресей рублі және 7 000 теңге табылды.⠀


Қазақстандық азамат Грузияға 28 миллион доллар алып өтпек болды

ERNUR.KZ. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай Атырау» кеден бекетінің қызметкерлері Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп 3 қарашада жолаушыны тексеру барысында одан декларацияланбаған валюта тапты, деп жазады zakon.kz.

Атырау-Кутаиси халықаралық рейсі жолаушылардың қол жүгін кедендік тексеру кезінде RAPISCAN рентгендік телевизиялық құрылғысы қолданылды.

Грузияға ұшатын Қазақстан азаматында 60 700 доллар, 10 000 ресей рублі және 7 000 теңге табылды.⠀

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Қазақстанда 2022 жылғы наурыздың ортасынан бастап 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экспорттау күніне белгіленген бағамы бойынша есептелген сомада қолма-қол шетел валютасын және қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынған.