Қазақстандық әжей 700 баспалдақты 9 минутта жүріп өтті

0
1 052


Қазақстандық әжей 700 баспалдақты 9 минутта жүріп өтті

фото:Tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Астанада биік ғимараттарға жүгіріп шығу қайырымдылық шарасы өтті, - деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл шара Highvill тұрғын үй кешенінде бүгін болды. Қатысушыларға 100 метр жүгіріп, 34 қабатты еңсеру қажет болды, бұл шамамен 700 баспалдақ.

Марафонға қатысуға 326 өтініш түсті, оның 114-і әйел мен 212-сі ер адамдар. Жүгіруге 18 жастан асқан және медициналық тексеруден өткендер ғана қатыса алды. Мәреге барлығы 280 адам жетті.

Ең егде қатысушы - 1947 жылы туған Мирошниченко Әмегүлсін, қашықтықты 9 минут 15 секундта бағындырған ол 41-50 жас категориясында бақ сынады. Ерлер арасында егде қатысушы - 64 жастағы Бекеев Қазыбек - қашықтықты 4 минут 52 секундта еңсеріп, екінші орынға ие болды.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жиналған қаржы мүгедек балалардың еміне, жетім балаларға және аз қамтылған балалар мен көпбалалы отбасыларға "Мектепке жол" бағдарламасы бойынша жұмсалмақ. Аталмыш іс-шара "Ниет" қайырымдылық қорымен бірге ұйымдастырылған.