Қазақстандық балмұздақ экспорты үш есе өскен

0
516

Ең үлкен балмұздақ өндірісі Алматыға тиесілі.


Қазақстандық балмұздақ экспорты үш есе өскен

2021 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Қазақстанда балмұздақ өндірісі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға төмендеген, деп жазады inbusiness.kz.

Ең үлкен балмұздақ өндірісі Алматыға тиесілі. Сонымен бірге төрт айда шетелге 1,1 мың тоннадан астам балмұздақ сатылды, бұл бір жыл бұрынғыдан үш есеге көп. Негізгі сатып алушы Ресей болып шықты.

Сондай-ақ, отандық өнім Орта Азияда, Моңғолияда және Әзірбайжанда сұранысқа ие екені белгілі болды. Импорт та өсуде, ол 2021 жылдың қаңтар-сәуірінде 2,6 мың тоннаға жетті.

Экспорт сияқты импортта да Ресей негізгі сауда серіктесі болып шықты. Сондай-ақ Қазақстанға балмұздақ ЕАЭО-ның басқа елдерінен – Швейцария, Украина және Түркиядан әкелінеді.