Қазақстандық балық өнімдері әлемнің 21 еліне экспортталады

0
451

Олардың ішінде ең ірі тұтынушылар – Ресей, Германия, Нидерланд, Литва және Қытай.


Қазақстандық балық өнімдері әлемнің 21 еліне экспортталады

ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар алаңында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев балық шаруашылығы туралы баяндама жасады, деп жазады inbusiness.kz.

Министрдің айтуынша, елімізде балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге епекше жағдай жасалған. Мәселен, оны аула, өңдейтін субъектілер үшін қосылған құн салығы төмендетілді. Бұған қоса тереңдетіп қайта өңдейтін балық өнімдерін субсидиялау енгізілді.

"Елімізден өңделмеген балық экспортына шектеулер енгізілген. 2023 жылдың наурызында Министрліктің бұйрығымен көксерке мен жайын балығын өңделмеген түрде 6 ай мерзімге шығаруға тыйым салынды. Бұл шара балық өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін арттыруға мүмкіндік берді. Осыған байланысты, бүгінде тыйым салуды қайта енгізу мүмкіндігі қаралуда", – деді Ерлан Нысанбаев.

Министрдің сөзінше, бүгінде елімізде 72 балық өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді. Оның ішінде 17 кәсіпорын жоғары талаптарға сай келеді және Еуропалық Одақ елдеріне балық өнімдерін экспорттау құқығына ие.

"Тағы 13 қазақстандық кәсіпорын осындай экспорт құқығын алуға өтінім берді. Сондай-ақ, экспорттық нарықты кеңейту мақсатында Қазақстан мен Қытай арасында ветеринариялық сертификат келісілді, ал Қытай елінің тізіміне 65 қазақстандық кәсіпорын енгізілді", – деді ведомство басшысы.

Қазақстандық балық өңдеу кәсіпорындарынан әлемнің 21 еліне балық өнімдерінің 100-ден астам түрі шығарылады. Олардың ішінде ең ірі тұтынушылар – Ресей, Германия, Нидерланд, Литва және Қытай.