Қазақстандық егіз спортшы бір күнде үйленді

0
2 765

Ғұмар мен Ғұсман Қырғызбаевтар - дзюдо мен қазақ күресінің балуандары.


Қазақстандық егіз спортшы бір күнде үйленді

ERNUR.KZ. Ғұсман Қырғызбаев - дзюдодан ұлттық құрама үздігі. Ол жақында ғана Тель-Авивтегі "Үлкен Дулыға" турнирінде қола жүлдені иеленді. Сонымен бірге, ол халықаралық дзюдо федерациясының рейтингінде үздік он спортшның қатарында, деп жазады stan.kz.

Ғұмар Қырғызбаев - Еуропа кубогының қола жүлдегері.

Ғұсман мен Ғұмар Қырғызбаевтардың қалыңдығының есімдері Жансая, Қасиет. Қос спортшы намазхан қыздарды жар етті.

Бұл тойда қазақстандық спортшылар қонақ болды. Тойда қуанышты бөліскен жұрт тойдың қызықты сәттерін желіге жүктеді.

Олар жас жұбайларды құттықтап, ақ тілегін арнап жатыр.