Қазақстандық фильм Үндістандағы кинофестивальде үздік атанды

0
1 018

Үздік фильмде Қазақстанда тұратын көпұлтты түркі этностарының өмірі көрсетілген.


Қазақстандық фильм Үндістандағы кинофестивальде үздік атанды

ERNUR.KZ. Үндістан кинофестивалінде қазақстандық «Түс дәмі» фильмі үздік атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

21 шілде күні Үндістанның Калькутта қаласында өткен «Kolkata Shorts International Film Festival» VIII халықаралық кино фестивалінде қазақстандық режиссер Камилла Абдельдинованың «Дәм түсі» қысқаметражды деректі фильмі «Үздік деректі фильм» атанды. Туынды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.

«Дәм түсі» фильмі «Қазақстанның түркі халықтары» циклына кіреді. Бұл картина Қазақстанда тұратын көпұлтты түркі этностарына арналған. Абдельдинованың туындысы ұйғыр этно-авангард суретшісінің тарихы арқылы Қазақстанда тұратын ұйғырлар туралы баяндайды.

«Кинематографист Дәурен Әмірғазинов екеуміз барған Калькуттаға сапарымыз өз нәтижесін берді. Бұл - біздің фильмнің ең бірінші марапаты. «Үздік деректі фильм» атандық. Біз үшін бақыт - марапат пен конкурс емес, ең бастысы, бізді қолдаған қазақстандықтар мен жақынындай қарсы алған үндістерге ризамыз.Біз үшін басты марапат – халықтың мейірімі мен бауырмалдығы,- деді режиссер Камилла Абдельдинова.

Сонымен қатар, бұл додаға «Қазақфильм» киностудиясының «Хангүл ізімен...» атты деректі фильмі де қатысты Режиссері - Виталий Чернов. Картина шөл және шөлейт аймақтарды мекендейтін хангүл, яғни бұхар (тоғай) бұғысы, оларды Қазақстанда қайта көбейту жайлы баяндайды.