Қазақстандық каскадер қыз Канадада беделді сыйлықты жеңіп алды

0
542

Бұл жайында Nomad Stunts каскадерлік компаниясының баспасөз қызметі мәлімет таратты.


Қазақстандық каскадер қыз Канадада беделді сыйлықты жеңіп алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық каскадер Әлия Ысқақова Канадада беделді сыйлыққа ие болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл жайында Nomad Stunts каскадерлік компаниясының баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Оған сенсек, бүгін Канада кино және телевидение академиясы жыл сайын тапсыратын UBCP/ACTRA AWARDS 2021 сыйлығын табыстау рәсімі өткен.

Онда Nomad Stunts компаниясы халықаралық тобының каскадері Әлия Ысқақованың «Кунг фу» сериалында қойған шайқасы «үздік каскадерлік жұмыс» деп танылды.

Айта кетейік, Әлия ол сериалда жағымсыз кейіпкер - Yvonne Chapman-ның іс-қимылын қайталаған болатын.