Қазақстандық көк паспортта жаңа жазулар пайда болады

0
1 205

Қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстандық көк паспортта жаңа жазулар пайда болады

ERNUR.KZ. ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 14 қазандағы қаулысымен Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатына, Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігіне, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатына, азаматтығы жоқ адамның куәлігіне, босқын куәлігінің үлгілеріне және оларды қорғауға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді, деп жазады Zakon.kz.

Жол жүру құжатының 1-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде жазу орналастырылады:



1. Осы құжат иесіне ұлттық паспорттың орнына қолдануға болатын осындай құжатты беру мақсатында ғана берілді. Бұл құжат иесіне зиян келтірмейді және оның азаматтығын ешқандай түрде қозғамайды.This document is issued solely with a view to providing the holder with a travel document which can serve in lieu of a national passport. It is without prejudice to and in no way affects the holder’s nationality.

2. Реадмиссияға және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарып жіберуге жататын адамдарды қоспағанда, құжат иесінің осы құжатта көрсетілген қолданыс мерзімі кезеңінде Қазақстан Республикасына қайтып оралуға рұқсаты болады.

The holder is authorized to return to the Republic of Kazakhstan within the period of validity specified in this document with the exception of persons subject to readmission and expulsion from the Republic of Kazakhstan.

3. Егер құжат иесі осы құжатты берген елде орналаспаса, ол қайтадан саяхаттағысы келсе, ол жаңа құжат алу үшін өзі тұрып жатқан елдің құзыретті билік органдарына жүгінуге тиіс.

Қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.