​Қазақстандық қыз ресейлік "Serebro" тобының әншісі атанбақ

0
1 176

Кастингке қатысқан жүздеген қыздың 30-ы ғана ақтық сынға түседі.


​Қазақстандық қыз ресейлік

ERNUR.KZ. Теміртау қаласының 21 жастағы тумасы Ангелина Грабарчук ресейлік "Serebro" тобының ақтық кастингіне өткен, деп жазады NUR.KZ.

Кастингке қатысқан жүздеген қыздың 30-ы ғана ақтық сынға түседі.

Солардың бірі – Ангелина.

Қазіргі таңда қазақстандық ару Санк-Петербургте француз және ағылшын тілдерін үйреніп, "аударма" мамандығы бойынша білім алуда.

Ал оның музыкамен айналысқанына көп болыпты.

Осыған дейін бойжеткенді "Универсиада-2019"-дың гимнін орындаушы ретінде дауыс беру арқылы таңдаған екен.

Қазақстандық қызды қолдаймын деушілер serebrocasting.ruсайтында дауыс беруге болады. Нәтижелері 12 желтоқсан күні жарияланады.

Айта кетерлігі, танымал топтың тарқайтыны туралы ақпарат қарашаның аяғында пайда болған болатын.

Топтың бұрынғы қатысушысы Ольга Серябкинаның айтуынша, әншілер жеке мансаптарын бастамақшы.

Ұжымның продюсері Макс Фадеев болса жаңа құрам жинап, табынушыларды ары қарай қуантуды жоспарлап отырғаны анықталды.