Қазақстандық мотосаяхатшы 20 күнде Түркияға жетті

0
619

Әлемнің 170 елін аралаған саяхатшы жолдағы қиындықтары мен қызықтарын айтып берді.


Қазақстандық мотосаяхатшы 20 күнде Түркияға жетті

ERNUR.KZ. Қазақстандық мотосаяхатшы 20 күнде 5 мыңнан астам шақырымды жүріп өтті. Алматыдан басталған моторалли Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына және Алматы мен Ыстамбұл қалалары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған, деп жазады baq.kz.

Дмитрий Петрухинді Ыстамбұлдағы бас консулдығымыздың қызметкерлері жергілікті қазақтар мен тұрғындар қарсы алды.

Әлемнің 170 елін аралаған саяхатшы жолдағы қиындықтары мен қызықтарын айтып берді.

Менің миссиям біреу ғана. Ол өзімнің туған елім Қазақстанды, оның рәміздерін әлемге таныту. Ал бұл сапар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға келіп, Ердоғанмен кездесіп, бірқатар келісімдерге қол қойған соң жоспарланды. Екі елдің қарым-қатынас орнатқанына биыл – 30 жыл . Сондай-ақ арнайы Алматыдан шығып, Ыстамбұлға келу де бауырлас қалалардың ынтымағын нығайту мақсатында жасалды, - дейді байкер Дмитрийй Петрухин.