Қазақстандық сайттар неліктен ашылмай қалды

0
789

Жекелеген байланыс операторларында желілік ақаулар тіркеліп, соның салдарынан бірқатар қазақстандық домен ашылмай қалды.


Қазақстандық сайттар неліктен ашылмай қалды

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі неліктен бірқатар қазақстандық сайт ашылмай қалғанын түсіндірді, деп жазады zakon.kz.

Министрліктің баспасөз хатшысы Ерхан Тәткеннің мәлімдеуінше, 13 наурыз күні Астана уақытымен сағат 18:00-ден кейін жекелеген байланыс операторларында желілік ақаулар тіркеліп, соның салдарынан бірқатар қазақстандық домен ашылмай қалды.

"Kaznic (Қазақ желілік ақпарат орталығы) қазақстандық домендердің DNS жазбаларын жоспарлы жаңартуды іске асырды, содан кейін кейбір байланыс операторларының кэштейтін DNS серверлерінде қате болып, олар бос жазбалар алды", - деп жазады ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі қазіргі уақытта байланыс операторлары кэштейтін DNS серверлерін қайта жаңартып, жоғарыда аталған мәселелер шешіліп жатқанын атап өтті.